КЕРЕМЕТ СҮЗГІ Ел таныған ғұламаға бір кісі келіп: "Сіз бір шәкіртіңіздің не деп жүргенін білесіз бе?" - дейді. Сонда ғұлама: "Біреудің айтқан сөзін жеткізбес бұрын оны мынадай үш қабат сүзгіден өткізіп алғаның жөн: Алғашқысы - шындық. Соған салар болсақ, айтпақ сөзіңнің рас екеніне көзің толық жете ме?" - дейді. Әлгі кісі: "Шынымды айтсам, өз аузынан естімедім" - дейді. - Онда екінші сүзгіден өткізейік. Ол - жақсы сөз деп аталады. Айтатын хабарың жақсы сөз бе еді? - деп сұрайды. Ол кісі: "Жоқ, керісінше болатын" - дейді күмілжіп. - Онда үшінші сүзгіден өткізіп көрелік. Мүмкін бұл сынақтан өтерсің!? Ол - пайдалылық деп аталады. Ал енді мына хабарыңның маған қаншалықты пайдасы бар? - деп сұрайды. Әлгі кісі қатты қысылып: "Пайда бермейтін әңгіме еді" - дейді жерге қараған күйі. Сонда ғұлама: "Өзі сенімсіз болса, әрі жағымсыз әңгіме болып, маған түк пайда келтірмесе оны маған қай жақсылық ойлап жеткізгің келді?!" - деген екен. Бұл бәрімізге керек сүзгі екен!!! #асыларна #жақсысөз #сөзәдебі #пайдалысөз #мәдениет #шешендік #даналық

Теги других блогов: асыларна жақсысөз сөзәдебі